Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Ертең "Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық есік күні өтеді

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1408
Ертең "Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық есік күні өтеді

"Нұр Отан" мүгедектер мұңын естуге дайын! Президент Жолдауынан кейін билеуші партия өкілдері жарымжан жандар үшін есігін айқара ашты. Ертең еліміздің барлық аймақтарындағы "Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық есік күні өтеді. Онда азаматтар көкейде жүрген күллі түйткілді сұрақтарға қатысты жауап алып қана қоймай, жұмысқа орналасу жайын талқылап, құқықтық кеңес ала алады.


Ел астанасындағы ашық есік Кенесары көшесі бойындағы қоғамдық қабылдау кеңсесінде өтпек. Ал «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен бірге өзге өңірлердегі жарымжан жандардың жанына батқан мәселелерді бейнемәжіліс арқылы тыңдайды. 


Әлия ӘШІМ