Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Қостанайда «Колибри Тур» фирмасының директорына қатысты қылмыстық іс қарала бастады

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1169
Қостанайда «Колибри Тур» фирмасының директорына қатысты қылмыстық іс қарала бастады

Қостанайда «Колибри Тур» фирмасының директоры Мария Данильченкоға қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады. Ол бірнеше рет алаяқтық әрекет жасағаны үшін айыпталды. Туристік фирма шетелде демаламын деушілерге жолдама беріп келген. Фирманың қызметіне жүгініп, сан соғып қалған 13 адам қазір сот табалдырығын тоздырып жүр. Алданғандар 2012-2013 жылдары осы фирма арқылы жолдама алған. Екінші біреулері ұшаққа билет алыпты. Жеме-жемге келгенде жолаушы тізімде болмай, қиындықтарға тап болады. Айыптаушы тараптың айтуынша, Мария Данильченко 5 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтаруы тиіс. Шет елде тыныққысы келген тұрғындар туристік жолдама үшін екі жүз мыңнан жеті жүз мың теңгеге дейін ақша төлеген.

Татьяна Якович, Қостанай қаласының тұрғыны:

Біз әуелі жолдамада көрсетілген туроператорға хабарласып, қашан баратынымызды, қандай қонақ үйде тұратынымызды сұрадық. Бірақ аты-жөніміз өтінімде жоқ болып шықты. Сосын Марияға барып, ақшамызды қайтарып беруді өтіндік. Содан бері 4 ай өтті. Кешірім де сұраған жоқ. Ақшамызды да бермеді.

Ольга Губенко, Қостанай қаласының тұрғыны:

Ол алғашында түрік фирмасы алдап кеткенін, сондықтан бізді ешқайда жібере алмайтынын айтты. Кейбіреулерге ақшасын қайтарып берді. Ал маған үш жүз мың беруі керек.

Заңғар САНАЙ