Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Алтынбек Сәрсенбаевтің өліміне айыпты деп сотталған Ержан Өтембаевқа қайта үкім шығарылады

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1339
Алтынбек Сәрсенбаевтің өліміне айыпты деп сотталған Ержан Өтембаевқа қайта үкім шығарылады

Ал бүгін белгілі оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтің өліміне айыпты деп сотталған Ержан Өтембаевқа қайта үкім шығарылады. Жеті жыл бұрын саясаткерді өлтіруге тапсырыс берді деп темір торға тоғытылған Өтембаевтің ісі осы жылдың қаңтар айынан 22-нен бері Алматы облысында қайта қаралып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы Ержан Өтембаевті 15 жылға бас бостандығынан айырып, күллі мүлкін тәркілеуді ұсынған.

Естеріңізге салсақ, Ержан Өтембаев, белгілі саясаткерлердің бірі болған Алтынбек Сәрсенбаевті өлтіруге "тапсырыс берді" деп айыпталып, 20 жылға сотталған-ды. Ал жеті жылдан соң, атышулы қылмысты орындаушы, өмір бойға сотталған Рустам Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбаевті өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп мәлімдеген.

Жаңа деректерге сүйеніп, Жоғарғы сот 19-желтоқсанда Өтембаевқа қатысты үкім күшін ішінара жойып, істі қайта қарауға жіберген болатын.

Әлия ӘШІМ