Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралда құрықталған британдық бостандыққа сұраныпты

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
1041
Оралда құрықталған британдық бостандыққа сұраныпты

Оралда құрықталған британдық бостандыққа сұраныпты. Барох Питердің ісін бүгін апелляциялық алқа қарап, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл жайында облыстық соттың апелляциялық алқаның судьясы Гүлжамал Тайбағарова хабарлады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шетелдік азамат оқушы қыздарды азғырды деп айыпталған болатын. 10 ақпан күні 2 айға қамауға алынған оны адвокаты сотқа ақшалай кепіл беріп, бостандыққа шығаруды өтінген болатын. Кепіл ақшаның көлімі айтылмады.


Гүлжамал Тайбағарова, Батыс Қазақстан облысы соты апелляциялық алқасының судьясы:


Соттың Барох Питерді қамауға алу туралы шешіміне қарсы қорғаушысы жеке шағым түсірді. Бүгін апелляциялық алқа алғашқы қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Өйткені Барох Питерге тағылған айыптаулар аса ауыр, сондықтан ол мұндай ауыр қылмыс жасағаны үшін кемінде 5 жылға сотталуы мүмкін.


Британдық Барох Питер үстіміздегі жылы 14 қаңтар күні "Шағала" қонақ үйінде ұсталған болатын. Оның бөлмесінен оралдық оқушы қыздардың жалаңаш түскен 600 жуық фотосуреті мен осы сипаттағы бейнематериалдар табылды. Осыдан кейін оған кәмелет жасына толмағандардың порнографиялық сипаттағы суреттерін таратып, балаларды азғындыққа итермелегені үшін екі қылмыстық іс қозғалған болатын.


Еркін ҚАРИН