Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өскеменде шаңғы теуіп, шанаға ит жегіп, серуендеуге болады

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
1629
Өскеменде шаңғы теуіп, шанаға ит жегіп, серуендеуге болады

Нағыз Солтүстік полюс Өскеменде пайда болды. Онда шаңғы теуіп, тіпті шанаға ит жегіп, серуендеуге болады. Ерекше саяхат орнына демалыс күндері ат басын тірейтіндер көп екен. Әсіресе қаланың іргесінде орналасқан алқапқа бүлдіршіндер барғанды ұнатады. 


Міне, нағыз Солтүстік полюс осындай. Тау-тау болып үйілген омбы қар. Солтүсік полюстегідей мұнда шаңғысыз қатынау қиын. Сондықтан келушілерге бірінші кезекте шаңғы үлестіріледі. Саяхатшылар арасында арнайы жарыстар да ұйымдастырылады.


Өңірде шаңғыға жегілетін маралды табу қиындық тудырған соң, оны заманауи қар шанаға алмастырған. Солтүстік полюсте әскери борышын өтеген Олег Петрович мұндағы ортаны мейлінше шындыққа жанастыруға тырысуда. Тіпті марал терісінен тігілген тонға дейін киіп алған.


Балалардың көңілі әсіресе хаски тұқымдас сібір иттеріне ауды. Олар шанаға жегіледі. Айтуларынша, ол өте ақылды және шыдамды. Адамға үруді білмейді. Айта кетейік, ит жегу спорты қарлы елдерде жақсы дамыса, Қазақстанда енді ғана қолға алынуда.


Балжан Жұмағазинова:


Мен ит жегілген шанаға отырып серуендедім. Маған өте ұнады. Иттер де ақылды екен. Адамдарды қабуды білмейді.


Ирина Петриченко, ит өсіруші:


Біз әр итке арнайы қамыт та тіктірдік. Мойындары ауырмасын деп жұмсақтап қаптадық. Бұл тұқымдас иттер шанаға жақсы жегіледі.


Өскемендіктер келешекте қала іргесіндегі солтүстік полюстың аумағы мен қызмет түрін кеңейтуді көздеп отыр. Шанаға жегілетін маралдарды әкелу де жоспарда бар.


Қанат ОРАЛБЕК