Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралда спорт саласы шенеуніктерінің ісі қатаң үкіммен тәмамдалды

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
1252
Оралда спорт саласы шенеуніктерінің ісі қатаң үкіммен тәмамдалды

Оралда спорт саласы шенеуніктерінің ұзақ қаралған ісі бүгін қатаң үкіммен тәмамдалды. Облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшылары "ірі көлемдегі мемлекет қаржысын жылдар бойында жымқырды" деп айыпталғаны мәлім. Басқарманың бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов 12 жылға сотталды, дүние-мүлкі де тәркіленеді.


Ақгүл Қарасаева, БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты судьясы:

 

Ундаганова Муслима признать виновным по статьям 275 ч.3, 176 ч.4 314 ч. 2. 193 ч. 2 пунктов а,б,в и назначить наказание по статье 275 части 3 УК РК лишение свободы на срок 12 лет с конфискацией имущества.

 

Басқарманың экс-басшысының сыбайластары да жазасыз қалмады. Мүсілім Оңдағановтың оң қолына айналған Меңдіхан Жәкенов 11 жылға, ал Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жиған-тергені тәркіленіп, дүние-мүлкінен айрылған олар алдағы 5 жылда мемлекеттік қызметке алынбайтыны ескертілді. Сот залында оқылған деректерге сенсек, айыпталушылар 2010-2012 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Сөйтіп, олар 2013 жылы көктемде "бюджеттен 170 млн теңге қаржы ұрлады" деп айыпталған.

Айта кетейік, үкім 10 күннің ішінде заңды күшіне енеді. Ал айыпталушылардың қорғаушылары болса, Жоғары сотқа шағымдануға қамданды. Мүсілім Оңдағанов соңғы сөз берілген кезде, қарамағындағыларды соттамай, тек өзін ғана жазалауын өтінген болатын. Дегенмен, Мүслім Оңдағановтың қорғаушысы сот үкімімен келіспейді.

 

Абзал Құспан, М.Оңдағановтың адвокаты:


Қазір бір ғана мәселе айта аламын мен. Осы тағылған айыптармен толықтай келіспейміз. Өздеріңіз естідіңіздер, үкімнің тек қарар бөлігі ғана оқылды. Қолымызға толық үкімнің нұсқасын алғаннан кейінгі жерде, әрине, апелляциялық шағым келтіретіндігімізді қазірдің өзінде мәлімдей аламын. Дегенмен, толығырақ сот үкімінің көшірмесін қолға алғаннан кейін айтуымызға болады бір нәрсені.

 

Еркін ҚАРИН