Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ал Қостанайда сот судьясы экс-судьяларға қатысты үкім шығарды

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
1092
Ал Қостанайда сот судьясы экс-судьяларға қатысты үкім шығарды

Ал Қостанайда сот судьясы экс-судьяларға қатысты үкім шығарды. Қалалық соттың бұрынғы судьясы Серік Қашқынбаев сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айрылды. Және жазасы өтелген уақыттан кейін үш жыл аралығында сот саласына жұмысқа орналасуға шектеу қойылды. Еске салайық, экс-судья "70 мың теңге пара алды" деген айыппен өткен жылы қызметінен босатылған болатын.

Сондай-ақ, "100 мың тенге алды" деген айыппен қалалық соттың бұрынғы төрағасы Самалбек Мұқтаров та жеті жылға жазаға кесілді. Сот үкімімен оның дүние-мүлкі тәркіленіп, «Құрмет» және «Қазақстан Конституциясының он жылдығына» орай берілген төс белгілерінен қағылды.


Ержан Шыңғысов, Қостанай қалалық № 2 соттың судьясы:


Сот Мұқтаровты жеті жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу және жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім тағайындады.


Заңғар САНАЙ