Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде азаматтарды бейімдеу орталығында отбасы құрылды

AstanaTV
17.02.2014ж. 20:00
963
Ақтөбеде азаматтарды бейімдеу орталығында отбасы құрылды

Ақтөбеде қаңғыбастар отбасын құрды. Жақындарынан көз жазып қалған Амангелді Қаулешев пен Қадиша Үмбетова қартайған шақта бір-біріне медеу болмақ.


Қадиша Үмбетова, қалыңдық:


Жаяудың шаңы шықпайды, жалғыздың үні шықпайды. Солай. Жалғыздың аты жалғыз. Мынау екеумізге, бірімізге біріміз әйтеуір медеу болады. Себеп қой. Менің көзім көрмейді. Маған ермек керек. Солай қосылдық енді.


Жас жұбайлар АХАЖ бөлімінде мәңгі бірге боламыз деп ант ішіп, құжаттарын қолына алған соң, азаматтарды бейімдеу орталығына оралды. Әдеттегідей ат шаптырым той жоқ, шағын ғана дастархан жайылды. 70-тің бесеуіне келген қалыңдық күйеуінен 1 мүшелге үлкен.

Олар осы орталықта танысыпты. Алғаш болып Қадиша Үмбетова ұсыныс жасаған. Қос жанарынан айырылған әжей төрінен көрі жақын тұрғанда "бір-бірімізге қол ұшын берейік" дейді. Амангелді Қаулешев болса, "туғандарым бас тартып жатқанда бұлай біреуге қажет болғаным қуантады" деп отыр. Орталық қызметкерлері жұбайларды жақын уақытта қарттар үйіне көшіргелі отыр.


Мансұр ЕСҚОЖИН