Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Duty free"-гі заңсыз сауда айналымы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауында

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
4679
"Duty free"-гі заңсыз сауда айналымы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылауында

Алматы әуежайындағы "Duty free" таурларын заңсыз сатуға жол берген кеденшілер ісімен мемлекеттік қызмет істері агенттігі айналысады. Бұл туралы мекеме өкілі Арман Бердалин мәлімдеді.

Арман Бердалин, ҚР МҚІСЖ Қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

Қазіргі таңда аталған әрекет әлі де тергелі үстінде. Соның нәтижесіне сай жаза кесіледі. Қызмет істері агенттігі осы істі өз бақылауында ұстайды. Жекелеген санаттағы лауазымды қызметкерлер болса да біз оларға тағайындалатын жазаны тәртіптік кеңесте назарға аламыз.

Еске салайық, кеденшілердің заңсыз әрекеті бейнебақылау камерасы арқылы әшкере болды. Оқиға сәуір айында болған. Таспада "Duty free" дүкенінен шыққан жолаушы шыға берісте қолындағы тауарды «Жетісу» кедендік бақылау қызметі басшысы мен оның қол астындағы қызметкерге тастап кеткені анық байқалады. Шенділер тауардың баж салығынсыз өтуіне септескен. Қазір аталған іс бойынша қос кеденшіге сөгіс жарияланды.

Нуржакып О.