Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда «Елбасының сыртқы саяси бастамалары Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» дөңгелек үстел өтті

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
5069
Атырауда «Елбасының сыртқы саяси бастамалары Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі, ол - мемлекет басшысың қолтаңбасы. Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетке жиналғандар осындай ой айтты. Ғылыми қызметкерлер, сарапшылар жиналған дөңгелек үстелде Қазақстанның халықаралық мәртебесі сөз болды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан көптеген белестерді өткерді. Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың қай қайсысы болсын қашанда халықаралық қолдауға ие болды. Барлық көрші мемлекеттермен тұрақты әрі дәстүрлі қарым-қатынас орната білді. Жиналғандар халықаралық имидждің қалыптасуы, ең алдымен мемлекет басшысының ерен еңбегі деп атап өтті.

Гүлзат Көбенова, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары:

Соның ішінде ядролық қару жарақтар Қазақстан бірінші болып бас тартты. Қарап отырсақ, соңғы кездері қандай халықаралық аренада қиын мәселелер шешілуінде де біздің Елбасы өз ой-пікірін айтып, өз орнын алды. Мысалы, Сирия мәселесі бойынша бүгін бұндай процестерді әлемде біледі.

Тәуелсіздік алғалы сан түрлі белес пен асуларды бағындырған жас мемлекеттің нық қадамы бүгінде жаһанға мәшһүр, -дейді семинарға жиналғандар. Сондықтан жоғары оқу орындарында студенттер үшін теориялық біліммен бірге, Елбасының беделін үлгі ету - өскелең жасты тұлға ретінде қалыптастыру үшін таптырмас құрал екенін айтады.

Әсел Ығылова, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының магистр-оқытушысы:

Біздің докторларымыз, ғалым-профессорларымыз көптеген тұжырымды ойлар жеткізіп, сол мәслелелер қарастырылуда. Жалпы дөңгелек үстелде пікір алмасу, қазақстанның бітімгершілік миссиясы сыртқы-ішкі саясаты, экономикалық ахуалы осы күнге жеткен жетістіктері жақсы сараланып, зерделенуде.

Президент туралы туындылардың бір тобын Елбасы кітапханасы басшылығы университетке де сыйға тартты. Айта кетейік, Атырауға алғаш рет Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі келген болатын. Сан түрлі жәдігерлерге толы көрмені атыраулықтар мен қала қонақтары екі ай бойы тамашалай алады.

  Нәдірқызы Б. 


https://youtu.be/agoc9-HCAoM