Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нұротандықтар елорданы көгалдандыруға үлес қосты

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
3096
Нұротандықтар елорданы көгалдандыруға үлес қосты

Жасыл желекке оранған жас қала. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының барлық құрылымдық бөлім қызметкерлері демалыс күні Елорданы көгалдандыруға үлес қосты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бастаған жүзден астам нұротандық ауа райының қолайсыздығына қарамастан Астанадағы жаппай жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Таза қаланың тынысы кең. Үрдіске айналған сенбілік елорданың көркеюіне көп үлес қосуда. Бірлігі бекем тұрғындар әр сенбіде бұл іске жұдырықтай жұмылып, білек сыбана кіріседі. Солардың қатарында «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері де бар. Партиялықтар қала тазалығы үшін деген тілекпен қолдарына күрек алып, 200-ге жуық жасыл көшет отырғызды. Осылайша, нұротандықтардың атсалысуымен Астанада тағы бір жаңа жасыл аллея пайда болды.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Осы үлкен істі біздің аймақтағы барлық филиалдарымыз да атқарып жатыр. Әр өңірлерде өтетін сенбіліктерге, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысады. Өзіміздің сүйікті қаламыз Елордамыздың өркендеп дамуына қосқан бір азғандай үлесіміз деп білеміз.

Дәстүрге айналған игі іс-шараға жасотандықтар да белсене атсалысты.

Дәулет Кәрібек, «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы:

«Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің бүкіл аймақтарында сенбілікке шығып отыр. Жастар тарапынан үнемі осындай акциялар, сенбіліктер жалғасатын болады. «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің жастар саясатының авангарды ретінде үнемі осындай шаралардың басында жүреді.

Айта кетейік, Елордада өткен сенбілікте 9 мыңнан аса жасыл көшет отырғызылды. Бұл жұмыстарға 120 мыңға жуық адам жұмылдырылған.

Бектас А.