Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ Конгресі құпия құжатты жария етпек

AstanaTV
15.07.2016ж. 20:00
2342
АҚШ Конгресі құпия құжатты жария етпек

АҚШ Конгресі 11 қыркүйек күні болған лаңкестік әрекетке Сауд Арабиясының қатысы жайлы құпия ақпаратты жария етпек. Бұл жөнінде CNN жазады. 28 беттен тұратын баяндамаға сай, Сауд Арабия билігі теракт күні ұшақтарды басып алғандармен байланыста болған.

Айта өтейік, Эр-Рияд - Вашингтонның Таяу Шығыстағы аса маңызды серіктесі. Ел мұхиттың ар жағында 750 миллиард доллар көлемінде активтерін сақтап отыр. Бірақ таяуда саудиттер активтерді сатамыз деп мәлімдеген. Ал бұл АҚШ экономикасы үшін қауіпті. Саудиттер бұл қадамға АҚШ Конгресінің талқылаған заң жобасына ерегісіп барған. Бұл заң Сауд Арабиясы билігін терактіге қатысы болса, сотқа тартуға рұқсат етуді қарастырады.

Еске салсақ, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Құрама Штаттарда қатарынан бірнеше террористік акт болып, 2977 адам көз жұмған еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА