Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада Матаевтардың ісіне қатысты негізгі сот процесі басталды

AstanaTV
23.08.2016ж. 20:00
2039
Астанада Матаевтардың ісіне қатысты негізгі сот процесі басталды

Бүгін Астанада Матаевтардың ісіне қатысты негізгі сот процесі басталды. Прокурорлар Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа тағылған айыптарды тізіп шықты. Мемлекеттік айыптаушы, Сейітқазы Матаев 300 млн теңгеден астам ақша жымқырды, деп отыр. Қылмыстық іс 164 беттен тұрады.

Тергеу мәліметіне сай, айыпталушы 2011 жылы ұлттық компаниялардың бірін жарнамалау үшін, өзінің жеке компаниясына қыруар қаражат алып, бағаны асыра сілтеп көрсеткен. Сөйтіп, 143 млн теңге жымқырған. Ал 2010-2015 жылдары "Қазтаг" агенттігі арқылы мемлекеттік тапсырыстар алып, оларды тиісті деңгейде орындамаған. алған есеп беріп, бюджет қаржысының игерілу барысын бұрмалап көрсету арқылы 169 млн теңгені "жымқырған", -дейді мемлекеттік айыптаушы.

Еске салайық, жыл басында Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа алаяқтық жолмен аса ірі көлемде қаражат жымқырды және салықтан жалтарды деген айыптар тағылған. Ақпанда Алматыдағы Медеу аудандық сотының шешімімен Сейітқазы Матаев, наурызда Әсет Матаев үй қамаққа алынды. Қылмыстық істі Есіл аудандық соты қарап жатыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ