Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Тұрғын үй құрылысының механизмі

AstanaTV
23.11.2016ж. 20:00
2334
Тұрғын үй құрылысының механизмі

Еліміздегі тұрғын үй құрылысының кепілді механизмі жан-жақты түсіндірілді. Бүгін Ақтөбеде «Бәйтерек» ұлттық  басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымының өкілдері жиналды. Олар нарықта қарқын алған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың жаңа ережелерін атап өтті. Қазан айынан бастап күшіне енген жаңа заңға сәйкес кепілдік беру қоры құрылған. Осыған орай бірінші кезекте құрылыс аяқталғаннан кейін үлескерлердің өз баспанасын алуына толық кепілдік беріледі.

Жәнібек Маңқараев, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры техникалық мониторинг департаментінің директоры:

Үлескерлердің қаражатын және құқықтарын қорғау мәселесі. Ол іске асыру барысында инжинирингтік компанияның құрылысына қатысу қарастырылған және инжинирингтік компаниясына құрылыс сапасын толық жүргізіп және қадағалау жүктеліп отыр. Және екінші барысында инжинирингтік компаниясына үлескерлердің қаражаттарын мақсатты түрде пайдалануын қадағалау жүктеліп отыр инжинирингтік компаниясына.  

Айта кетейік, Ақтөбеде  қазір құрылыс қарқын алған. Дегенмен, тұрғын үйге қатысты азаматтарды мазалайтын сауалдар да, шешімін таппаған мәселелер де көп. Бұған дейін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң болған. Ал енді бұл құжатқа енгізілген өзгерістер құрылыс нысандарын салушылар мен үлескерлердің жағдайларын жақсартуға бағытталған, - дейді шараны ұйымдастырушылар. Енді бұл жаңа жүйе еліміздің әрбір өңіріндегі халыққа жіті түсіндірілетін болады.

Жәнібек Маңқараев, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры техникалық мониторинг департаментінің директоры:

Алдыңғы кезде тұрғын  үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң толық жұмыс істеген емес. Сондықтан мына жаңа заң бүкіл құрылыс салушылардың, үлескерлердің жан-жақты жағдайларын толық жақсартуына бағытталған заң.