Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада теңдессіз Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
5448
Астанада теңдессіз Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды

Қазақ би өнерінің жұлдызы жарқырай түсті. Астанада білім күніне орай Орталық Азияда теңдесі жоқ Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды. Ғимаратты салтанатты түрде ашқан Нұрсұлтан Назарбаев бұл отандық би өнерінің қара шаңырағына айналатынына сенім білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Білім ошағына арнайы ұлттық жоғарғы оқу орны мәртебесін бердік. Бірінші сыныптан бастап жоғарғы білім алып, докторантурасын бітіріп шығатын мектеп мұндай еш жерде жоқ. Мұндай мектепті тек ауқаты күшті мемлекет салады. Тек қана жағдайы жақсы болғасын, елдің, халықтың өнерге деген ынтасы көбейеді. Сол кезде ғана салынады мұндай мектеп. Бұл 100, 1000 жылда бір мәрте салынатын ғимарат.

Білім ордасының құрылысы демеушілер қаражатына салынған. Президент өзге елдердің талантты балалары да оқуға қабылдануы ықтимал деп атап өтті. Сондықтан бұл академия Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінің бишілерін дайындауы мүмкін. Ертеңнен бастап қатаң іріктеуден өткен 400 оқушы өнерлерін шыңдамақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Бірінші сыныптан бастап магистратураға дейін 498 адам грантпен оқытылады. Біз ұстаздарды әр облысқа, ауданға жіберіп, талантты жастарды іздедік. Жағдайлары төмен болса да, жол шығынын көтеріп, алып келіп оқытып жатырмыз. Бізге ең керегі - талантты бүлдіршіндердің осы ғимаратта оқығаны.

Айгүл ӘДЕПБАЙ