Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының мүшелері әлеуметтік баспанаға қол жеткізу жайын түсіндірді

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
2998
«Нұр Отан» партиясының мүшелері әлеуметтік баспанаға қол жеткізу жайын түсіндірді

Мемлекеттік бағдарламамен салынған қолжетімді баспанаға қалай қол жеткізуге болады? Тұрғындар тарапынан жиі қойылатын осы сұраққа «Нұр Отан» партиясының мүшелері жауап берді. Бүгін партия өкілдері Алматыдағы «Тигрохауд» сауда орталығының саудагерлерімен кездесіп, бірнеше мәселе төңірегінде әңгіме өрбітті. Олардың қатарындағы басты сұрақтар қолжетімді баспана жйына қатысты қойылды. Партия мүшелерінің айтуынша, ел экономикасының қарқынды дамуына шағын және орта бизнестің қосқан үлесі зор. Сондықтан бұл саланы дамытып отырған азаматтар мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуға құқылы.

Кенжехан Матыжанов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Арендалық пәтер беру мәселесі, оны қалай алу керек, оған кезекке қалай тұру керек, оған кредит мәселесі қалай бөлінеді төңірегіндегі сұрақтар болды. Осы төңіректе біздің қоғамдық кеңес мүшелері «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшелері бүгін елдің арасында біршама түсіндіру жұмыстарын жүргізді деп ойлаймын.

Партия өкілдері баспанаға қол жеткізу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» тұрғын үй заемын алу жайын түсіндірді. Баспанасы бола тұра, екінші пәтер алу үшін салымшы атануға да мүмкіндік қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ  кеңесте 10 соттық жерді тегін алу  мәселесі  де көтерілді. Бұл тұста «Нұр Отан» партиясының мүшелері қала аумағында бос жатқан жер телімдері жоқ екенін атап өтті. Дегенмен, қалаға іргелес игерусіз қалған жерлерді анықтау жұмысы жүргізілуде.

Дәурен Бабамұратов, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Алматымен шекаралас жатқан Қаскелен, Талғар, Іле ауданында  жер көп,  ол жерлер  неге берілмейді деген сұрақтар да туындады. Бірақ та ол жерлер де, әрбір жердің Алматы қаласымен іргелес жатқан көп жердің өзінің қожайындары бар ғой. Біреудің  жекеменшік жерін тартып алу мүмкін емес жағдай. Ол заң жүзінде, сот жүзінде тіпті жүзеге асқанның өзінде, ұзақ процесс.