Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Алматыда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
2896
Алматыда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Швейцария, Ресей және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқитын 8 студенттен құралған есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар есірткіні интернет арқылы саудалаған. Олардың барлығы 20 мен 25 жас аралығында.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 20 келіден астам есірткі тәркіленді. Мамандар оның 18 келісі гашиш болса, қалғаны синтетикалық есірткі болуы мүмкін деп топшылайды. Күдіктілер синтетикалық есірткіні өздері  дайындаған болуы мүмкін деген болжам бар. Бүгінде олардың есірткі саудасы бойынша 10 фактіге қатысы бар екендігі дәлелденген.

Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес департаментінің басшысы:

Топтың ұйымдастырушысы сенімді адамдардан жасақталған топ құрып, оларға есрткі татып көргісі келетіндер болса, менің ұялы телефон нөмірімді беріңдер деген. Артынша хабарласқандарға ол Ай-Ди, яғни ғаламтордағы есебіне ақша аударуын талап еткен. Ақшаның түскенін көрген соң ғана, есірткіні алатын жерді белгілеп беріп кетіп отырған.

Олардың 248-нің жұмысы бұғатталған. Ал тәркіленген есірткілердің құны қара базарда шамамен 63 мың АҚШ долларын құрайды. 

Д. БАҚДАУЛЕТ