Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Алматыда төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ашылды

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
3408
Алматыда төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ашылды

Алматыда төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ашылды. Бұл нысан 2013 жылғы мамырда Қазақстан мен Қырғызстан арасында орнатылған келісім аясында бой көтерді. Мамандар табиғи апаттан келетін шығынның 80 пайызы халықтың жайбарақаттығынан орын алады деген пікірде.

Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты әлемде түрлі апаттар орын алуда. Бұл қомақты материалдық шығынға алып келеді, адам өлімінің  артуына да себепші. Сондықтан бұндай орталықтардың ашылуы Орталық Азиядағы жағдайды қадағалауға мүмкіндік береді, - дейді мамандар. Орталық аумағы 1200 шаршы метрді алып жатыр.

Валерий Петров, ТЖ мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығының директоры:

Біз қауіптің алдын алып, өзімізді сақтандыруға жайбарақат қараймыз. Мысалы, бөгеттеріміздің ахуалы мен су тасқынын алыңыз. Табиғи апттан келетін шығының 70-80 пайызы өзімізден. Қарды уақытында тазаламаймыз, арықтарды қоқысқа толтырамыз.

Таңатқан Абақанов, «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» АҚ директоры:

Тек айта беру емес,  сейсмоплатформа  жасап, соның ішінде  көрсетіп, тербелтіп, 6 балл, 7 балл болғанда, қалай әрекет ету керек екені, балалардың мәңгілік ойында қалады. Балалар арқылы ата-аналарын үйретуге болады.