$447.25 €485.18 ₽4.96
×

Астанада әлеуметтік қызметкерлер күні тойланды

AstanaTV
11.10.2016ж. 20:00
3056
Астанада әлеуметтік қызметкерлер күні тойланды

Бүгін Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттар қала тұрғындарына өз өнерлерін паш етті. Жыл сайын қазан айында өтетін шараға 600 адам ат салысты. Кешті Астана қаласы әкімдігі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұйымдастырып отыр.

Ырысты Баймағамбетова, Астана қаласы әкімдігі әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

Біздің концертке бүгін қарттарымыз, азаматтарымыз, мүмкіндігі шектеулі жандар және кішкентай булдіршіндер. Өнер көрсететін адамдарды шеттен шақырған жоқпыз. Тек біздің кішкентай бүлдіршіндер. 

Елімізде қазан айында қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесі тойланады. Сондай-ақ кәсіби әлеуметтік қызметкерлер күні де аталып өтіледі.

Бүгінгі таңда аталған орталықта 600-ге жуық адам арнайы әлеуметтік көмек алады. Олардың 320-сы - мүгедек, жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі балалар. Бүгінгі кеште бүлдіршіндер күй тартып, би билесе, қариялар өз өнерлерін әнмен жеткізді. Ұйымдастырушылар өнерпаздарға арнайы сыйлықтар да әзірлепті. Сондай-ақ  бүгін Астана қаласының әлеуметтік орталығының ең үздік қызметкерлері марапатталды. Қарттар мен мүгедек жандарға көмектесу біздің парымыз, кейбір адамдарға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі, - дейді шараға ат салысқан еріктілер.

Рухшона Хангелдиева, ерікті:

Қарттарға, мүгедектерге көмектесіп жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін бақыт деп айтуға болады. Жастайымнан адамдарға көмектесуга ұмтылдым. Қазір арманыма жеттім деп айта аламын. Өйткені қарттардың батасын алып, жетімдер мен мүгедектердің бізге қарап мейірім алатынына өте қуаныштымын.