Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Өскеменде зейнетақы мөлшерін есептеу дұрыс жүргізілмеген

05.09.2023ж. 20:00
749
Өскеменде зейнетақы мөлшерін есептеу дұрыс жүргізілмеген

Өскеменде 90-шы жылдары зейнетке шыққандар ең төменгі мөлшерде зейнетақы алады. Сол кездегі кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жалақыны заттай алған. Салдарынан зейнетақылары дұрыс есептелмеген. Ал Риддер қаласының тұрғындары "қыста тағы жылусыз қаламыз ба?" деп қорқады. Қордаланған мәселелерін шешуді сұраған тұрғындар "Amanat" партиясынан көмек сұрады.

Өскемен қаласының тұрғыны Галина Акулованың 48 жылдық еңбек өтілі бар. 90-шы жылдары зейнетке шыққан. Сол кездері есептеу дұрыс жүргізілмей, ең төменгі мөлшердегі зейнетақы тағайындаған. Айтуынша бұл қаржының өзін кей жылдары тіпті алмаған көрінеді. Мәселесін айтып, «Amanat» партиясына жүгінді.

Галина АКУЛОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Біз заңға түзетулер енгізуді сұраймыз. Себебі, өмір бойы еңбек еткен жандар соған сай ақы алу керек. Күн көріске жетуі тиіс.

Риддер тұрғындары қоғамдық қабылдауда "Соғыс балалары" мәртебесі туралы мәселені шешуді және мүгедектердің проблемаларын көтерді. Жарымжан жандар жыл сайын мәртебесін растауға мәжбүр. Сонымен қатар, Риддерліктерді ЖЭО мен қаланың энергожүйесінің алдағы қысқа дайындығы және көлік мәселелері толғандырады.

 Клавдия ШУШАКОВА, РИДДЕР ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Маған Темір жол және көлік министрімен жолықтыруға уәде берген. Себебі, біздің қала орталықтан тысқары жатқан соң бірде бір пойыз келмейді. Бұрын Москва-Лениногорск, Алматы пойызы келетін. Біздің партия осындай халықты қабылдау шараларын өткізіп жатқаны қуантады. Қаншама адам қордаланған мәселесін шешу үшін келіп отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Құқықтық көмек» партиялық жобасы өз жұмысын бастаған. Бағдарлама аясында заңгерлер халыққа тегін көмек көрсетуде.

 Аралбай АРДАН , "AMANAT" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Құқықтық мәселелер өте қиын. Кейде жеке аспектілерге әсер ететін жайттар болады. Бүгінгі таңда 9 айда біз 1000-нан астам қабылдауды өткіздік. Біз ауылдық елді мекендерге барамыз, өйткені, өкінішке орай, бізде халықтың заңды сауаттылығы ақсап тұр.

Қоғамдық қабылдау жыл соңына дейін жалғасады. Қазірдің өзінде партиялықтарға 2 жарым мыңнан астам адам жүгінген. Оның 26 проценті оң шешім тапқан.