Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістандықтар өзекті мәселесін қоғамдық қабылдауда көтерді

Түркістандықтар өзекті мәселесін қоғамдық қабылдауда көтерді

Түркістан облысындағы Сарапхана ауылының халқы әлі күнге ауыз судың азабын тартып келеді. Қазығұрт ауданына қарасты елдімекенде су құбыры болса да, жұрт тіршілік нәрін сатып алады, кейбірі арбамен тасып ішеді. Ауылда мұнан өзге де мәселе аз емес. Бұқара базынасын «AMANAT» партиясының Мобильдік қоғамдық қабылдауына келіп айтты.

Бес мыңға тарта түтіні бар елдімекеннің 70 пайызы тіршілік нәріне зәру дейді ауыл азаматы. Жас та, кәрі де су тасумен күні өтіп жатқаннын жеткізді. Күндеріне жарап тұрғаны- ауылда өткен ғасырдан қалған ескі су ұңғымалары. Ал тасып ішуге мүмкіндігі жоқтар амалсыз сатып ішеміз дейді. Бөшкесі - 3 мың теңге.

Шаяхмет РАМАШЕВ, САРАПХАНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2018 жылдары мердігер су жүргізіп кеткен. Бюджеттен почти 1 млрд тай ақша бөлініп, бірақ сол істелген жұмыстардан ешқайсысынан су шықпай қалды. Қазіргі таңда ауылда 700 үйдей сусыз отыр. Екі үш жылдан бері шешіле алмай жатыр осы вопрос. Жиналыста «Аманат» партиясының өкілдеріне кіріп шықтық, айттық. Өзіміздің контролімізге аламыз деді.

Сарапханада мектеп мәселесі де өзекті. 1975 жылы салынған ғимаратқа сыймағандықтан балаларды қосалқы ғимараттарға бөліп оқытуға тура келіп жүр. Бұл мәселені тұрғындар жылда көтеретін көрінеді.

Қасымбек КЕНЖАЛЫ, САРАПХАНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

680 орындық мектепте қазір 1200-дей бала оқиды. Сыйыспайды. Басқа жақта үш ауысымдағы мектепті жоямыз деп жатқанда , біздің ауыл үш ауысымға ауысуға мәжбүр болып отыр. –ауысты ма? –ауысқан жоқ. Оған тиісті орындар табан тіреп оған жібергісі жоқ.

 «Amanat» партиясының Мобильдік қоғамдық қабылдауында ауыл тұрғындары жер учаскелерін беру, жайылымдарды қайтару, облыстық, аудандық маңызы бар және ішкі жолдарды жөндеп, көшелерді абаттандыру жайы мен ауыл жастарының жұмыссыздығы сынды бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Сағындық ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Бұл жобаның басты мақсаты –шалғайдағы ауылдық елдімекендегі тұрғындарына қабылдау ұйымдастыру. Жыл басынан -201 көшпелі қабылдау өтті. 260 ауылды, елдімекендерді қамтыдық. 2 мыңға жуық өтініш түсті. Көптеген сұрақтар ауыл тұрғындары сол жерде заң аясында нақты жауаптарын алды. Жұмыс мұнымен тоқтамайды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 47 елдімекенде осыдай 8 Мобильдік қоғамдық қабылдау өтті. 252 өтініш тілектің жартысы оң шешімін тапты. Өзгесі қаралу сатысында. Партия өкілдері ауыл тұрғындарды көтерген барлық мәселе бақылау болатынынын жеткізді.