Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына 30 жыл толды

17.10.2023ж. 20:00
930
«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына 30 жыл толды

«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына 30 жыл толды. Осыған орай ұстаздарға арналған семинар өтті. Педагогикалық шеберхана төрт бағыт бойынша жүргізілді. Жиынға 100-ден аса мұғалім қатысты. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, мастер-кластар өткізді.

Руслан СИХЫМБЕКОВ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Сынып жетекші бар, ата-ана бар, әлем мұғалімі бар, осындай әртүрлі деңгейдегі мұғалімдер түрлі бағыттағы жұмыстарымен бөлісетін болады. Бұл іс-шара «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен білім басқармасының бірігуімен ұйымдастырылып отыр.
Семинарға қатысқан мұғалімдер сабақ өткізудегі жаңа тәсілдер туралы айтты. Баланы тәрбиеге баулудың жолдарын талқылап, құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Асылбек НҰРЛАН, «ЗЕРДЕ» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Өзімізге көп информация алдық. Енді өзіміз жұмыс істеп жатқан жерде бөлісуімізге болады.