Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынады: полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

23.10.2023ж. 20:00
846
Адам көп жиналатын жерлер бақылауға алынады: полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Полицейлер мереке қарсаңында күшейтілген режимге көшті. 20 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған. Адам көп жиналатын қоғамдық орындар жіті бақылауға алынады. Ел аумағындағы ахуалды талдап отыру үшін министрлік жанынан Жедел штаб жұмыс істеп, барлық өңірлердегі жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Айдын ОРАЗБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіптің күштері мен құралдарының есебі дайындалды. Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын, әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар бұл орындар Жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады.