Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

«AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық күнін белгілеуді ұсынды

01.12.2023ж. 20:00
823
«AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық күнін белгілеуді ұсынды

«AMANAT» партиясының мүшелері 2-мамырды Қаржылық сауаттылық күні деп белгілеуді ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Келер жылы қаржылық сауатты арттыратын курстар еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Осы арқылы 200 мың адамды оқыту жоспарланған. Онда 90 күннен артық мерзімі өткен қарызы бар тұрғындарға басымдық беріледі. Сондай-ақ мұндай оқу бағдарламалары мектеп пен университетте де өтеді. Жалпы 1 млн адамды қамтуға мүмкіндігі бар. Бұл жоба арқылы бұған дейін 64 мыңнан аса азамат оқытылды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жобаны қолдайтынын айтып, түсіндіру жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Біз Үкімет тарапынан, жергілікті атқару органдары тарапынан, агенттік тарапынан, Ұлттық банк тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетеміз. Бұл – ортақ іс. Президенттің тікелей тапсырмасы.