Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді ұсыну мерзімі аяқталды

Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді ұсыну мерзімі аяқталды
09 ақпан, 20:00

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы электоралды науқанның аралық қорытындысын жария етті. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың сөзінше, барлық сайлауалды жұмыстар Конституцияға және тиісті заңдарға сәйкес жүргізілген. Енді сайлауалды науқанның екінші кезеңі басталады. Яғни саяси партияларды тіркеу. Бұл жұмыс 19 ақпанға дейін жалғасады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінге дейін тіркелген партиялардың саны төртеу. Олар - «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы» және «Ауыл» партиялары. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» мен «Бірлік» партиясының кандидаттары прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің тексерісінен өтіп жатыр.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімдер бойынша 203 адам ұсынылды. Олардың 187-сі немесе 79,9 пайызы ер адамдар, 47-сі немесе 20,1 пайызы әйелдер. Үміткерлер тізімі 10 ұлттан құралған. Олардың 99,6 пайызы жоғары білімді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, депутаттықтан үміттілердің жалпы саны 4 870 адамға жеткен. Оның 581-і облыстық мәслихаттарға, 21-і Астана, 95 үміткер Алматы қалалық мәслихатының депутаттығынан үмітті. Аудандық мәслихат сайлауына түсуге ниет білдіргендер саны 3 244, қалалық мәслихат депутаттығынан 929 адам дәмелі. Бұл тізімдегілердің 69 пайызы ер, 31 пайызы әйел адамдар. Бүгінге дейін ұсынылған үміткерлер саны 568. Ұсыну 19 ақпанға дейін жалғасып, оларды тіркеу 23 ақпанда тоқтатылады. Мәслихаттар сайлауы 20 наурызда өтіп, оның қорытындысы бойынша 3335 депутат сайланады. 


Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

Новости наших партнеров
Загрузка...