Қыз ғұмыры
Достық махаббат үшін кедергі болып тұрса, зор сезім ғана бұл сыннан өте алады...
Жанр: драма
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: дүйсенбі - жексенбі, 18:30-да

Әртүрлі әлеуметтік топқа жататын қос құрбы Ича мен Тапасияның басынан өткен хикаяттары телесериалға арқау болған. Ича - Тапасияның әкесінің сарайындағы қызметшінің қызы. Әлеуметтік, таптық алшақтыққа қарамастан, қыздар ең жақын құрбыларға айналады.

Бірақ Тапасияның үйіне қыдырып келген Вир есімді қонақ жігіт олардың достығын бұзады. Ол кеңпейілді Ичаға ғашық болып, қызды да өзіне ынтықтыра түседі... Вирды ұнатып қалған Тапасия қалайда ғашықтарды ажыратуға тырысады. 

Актёры
Tина Датта

Tина Датта

1986 жылдың 27 қарашасында Калькуттада дүниеге келді, Индия. Актёрлық мансабы 5 жастан басталды, Болливудта белсене түсіп тұрады және теледидарлық шоу-жобаларына қатысады. «Uttaran» хикаясындағы Ичаның рөлін ойнап танымал болды. «Choker Bali» (2003), «Parineeta» (2005), «Chirodini Tumi Je Amar» (2008), «Aahat» (2010) фильмдері мен хикаяларында ойнады.   

Мрунал Джейн

Мрунал Джейн

Мрунал Джейн - Индияның Мумбай қаласында 1985 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Актер болу деген Мруналдың жоспарында да болмап еді. Оған бәнен де модел болу, модель бизнесі көбірек ұнайтын. Мұнан басқа әкесінің жанұялық бизнесіне көмектесті. Бірде Гоада демалыста жүргенде, Мруналға   «Uttaran» сериалының продюсері келіп, бағын телеарнада сынап көруді ұсынады. Тап сол кезде  олар актерге өте зәру еді. Мрунал алғаш рет 2013 жылы  Болливдта  Рама Гопала Варманың «Satya  2» фильміне түсті.  

Рашми Десаи

Рашми Десаи

1986 жылдың 4 тамызында дүниеге келді. Индия актрисасы. «Uttaran» хикаясындағы Тапасияның рөлінен танымалы болды. 2012 жылы осы хикаядағы серіктесі Нандиш Сандумен тұрмыс құрды. Түрлі теледидарлық шоу-жобаларына қатысып тұрады. «Raavan» (2006-2008), «Pari Hoon Main» (2008), «Meet Mila» (2008-2009), «Ssshhhh...Phir Koi Hai» (2008), «Haunted Nights» (2012) фильмдерінде ойнады. 







Кино