Біздің уақыт
Қорытынды ақпараттық-сараптама бағдарламасы
Жанр: қоғамдық-саяси
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 40 мин.
Көрсетіледі: сенбі, 20:00-да, қайталау - дүйсенбі, 17:00

«Біздің уақыт» ақпараттық-сараптама хабары апта ішіндегі елең еткізген, қоғамдық пікір туғызған оқиғаларды сараптайды.

Әлеуметті толғандырған тақырыптардың астарына үңіліп, «айтары бар» адамдарды «Біздің сұхбат» айдарында сөзге тартады. Пікір алуандығы сақталады. Айдар маңызды деректер пен сарапшылар бағасына негізделген.

Бағдарламада жаңа технологиялардың қай жерлерде, қалай жасалып жатқанын зерттеуге кірісеміз.

Қызықты хоббиі бар немесе тағдыры таңғалдыратын азаматтар, сондай-ақ, аңыз-адамдарға байланысты жанды жадырататын естеліктер «Біздің кейіпкер» айдарында  баяндалады.

«Не? Қайда? Қашан?» ғана емес, «Не себепті?» деген сауалдың маңызды екенін жадымызда ұстаймыз.


 







Жүргізуші
Жайна Сламбек

Жайна Сламбек

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Саясаттану және философия институтының аспирантурасында оқыды. Журналистер Одағының Саттар Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты.  «Альфа Дог», «Кең жұмылған көздермен», «Форрест Гамп», «Қайырлы түн және сәттіліктер!», «Иводзимеден хаттар» жақсы көретін фильмдерінің бір парасы. «Күміс ғасыр» кезеңі ақын-жазушыларының шығармаларын ұнатады.  Классикалық романдардан бөлек, классиктердің «Ақбілек», «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Ақ кеме», «Қош бол, Гүлсары!» «Көркемтай» шығармаларын,  Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Тынымбай Нұрмағанбетовтің әңгіме-повестерін ерекше атайды.  







Кино