Жібек
Сериал казахстанского производства
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: дүйсенбі - жүма күндері, 01:30-да

Ауылда туып өскен Жібек есімді бойжеткен, институтқа түсу үшін астанаға келеді.Алыс туысы Талғат ағасының үйіне тоқтағандықтан барлығы ойдағыдай болып көрінген. Мадина мен Динара атты екі қыз өсіріп отырған отбасы Жібекті өте жылы қабылдайды. Алайда, көп ұзамай отанасы Жұлдыз тәте мен үлкен қыз Мадина бойжеткенге қыр көрсете бастайды. Тек қыздардың кішісі Динара мен осы үйдің әжесі Жібекті қорғаштап жүреді. Екі бойжеткеннің үлкені Мадина Мирас есімді жігітке атастырылған. Бірақ, Жібекті жолықтырған  Мирас Мадинаға үйленуден бас тартады. Кездейсоқ жағдайда танысып қалған екеудің ара қатынасы үлкен махаббатқа ұласады. Кейіпкерлер өз махаббаттарының беріктігін дәлелдеу үшін тағдырдың түрлі сынағынан өтеді...




   

Актёры
Айым Сейтметова

Айым Сейтметова

 1997 жылы 8 тамызда Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. №12 гимназияның 11 «А»  сыныбының 2015 жылғы түлегі. Халқымыздың сүйіктісіне айналып үлгерген анасы Данагүл Темірсұлтанова – «Тамаша» , «Аққу-Гәкку»  деген теле-шоу бағдарламаларда жане телехикаяларда ойнайды. Әкесі де актер, әрі режиссер.

  

Әбілмансұр Серіков

Әбілмансұр Серіков

07.12.1991 ж. Алматы қаласында туылған. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын  тәмамдады. Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы ұлттық академиялық музыкалық драма театрының әртісі. Түскен фильмдері: «Күнә», «Біржан сал», «Балалық шағымның аспаны», «Ангелочек», «Вопреки всему», «Вопрос», «Мың бала», «Вузеры», «Путники в ночи», «Сүю жазы», «Комок», «Жедел жәрдем-2», «Ұлжан», «Таңдау», «Жібек», «Сүр бойдақ», «Несломленный», «Консультанты».  

Меруерт  Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева

06.08.1971 жылы туылған. 1995 жылы Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын тәмамдаған. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.Түскен фильмдері: 1998 жылы режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Омпа» фильмінде Шамшияның рөлі, 199 жылы режиссер  Б. Мұстафиннің қысқаметражды «Здравствуйте, доктор» фильмінде Жәмиләнің рөлі (Түркия-Қазақстан). 2014 жылы «Консультанты» сериалы, режиссерлар Қанат Мұстафин, Ренат Қосай. 2015 жылы режиссер Рашид Адай-Сүлейменнің «Құстар әні» фильмі мен «Жібек» сериалы.  







Кино