Әлия
Жат емес, жақыныңның жасаған опасыздығы жан ауыртар.
Жанр: мелодрама
Тіл: қазақша
Ұзақтық: 60 мин.
Көрсетіледі: Дүйсенбі-жұма күндері 23:00-де

Әлияның отбасылық өміріне өзгелер қызығатын. Синан екеуі ұзақ жылдар бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатқан. Осылай жалғаса берер ме еді...Бірақ күйеуі оған опасыздық жасап жүрген екен. Әлия үшін ең ауыр тигені күйеуінен көңілдесінің жүкті екенін есту болды. Бірақ Синан өзі жасырып жүрген құпияны әйелінің білетінінен бейхабар. Әлия опасыздыққа көз жұма қарай ма, әлде күйеуінен кетіп жаңа өмір бастай ма?...   

Актёры
Халит Эргенч

Халит Эргенч

Халит Ергенч 1970 жылы 30 сәуірде Түркияның Ыстамбұл қаласында актер Саит Ергенчтың отбасында дүниеге келген. 1989 жылы ол Ататүрік атындағы лицейде білім алды. ЖОО-ны жалғастыру үшін Халит алғашында Ыстамбұлдық техникалық университетіне, бірінші курсты тәмамдағанан кейін Мимар Синан атындағы Университетке ауысып кеткен. Оқу кезінде ол маркетолог және оператор болып жұмыс істеген. Бұдан соң оқуын тастап, театр мен кинода ойнаған. Бүгінде актер  "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясындағы Сүлеймен рөлі арқылы кең танымал. Қалың көрермен оны «Мың бір түн» сериалындағы Онур кейіпкері арқылы да жақсы біледі. Халит Ергенч түскен фильмдер: «Мың бір түн»  (2006-2011), «Сұлтан Сүлеймен » (2011), «Қонақ» (2011),  «Трамвай» (2006), «Әкем мен ұлым»  (2005), «Әлия» (2004), «Ажал іздері» (1999). 

Санем Челик

Санем Челик


Санем Челик 1975 жылы 18 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласында туған. Ыстамбұл университетін бітірген. Актриса түскен фильмдер: "Жить вопреки всему" (сериал, 2013 – 2014), "Әлия" (сериал, 2004), "Любимый муж" (сериал, 2002), "Чёрный ангел" (1996). 










Кино