Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Шымкентте жезөкшелікті жандандырған жеңгетайлар арнайы операция кезінде ұсталды

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
3191
Шымкентте жезөкшелікті жандандырған жеңгетайлар арнайы операция кезінде ұсталды

Шымкентте арнайы операция өтті. Ішкі істер департаменті қызметкерлері өткізген шарада тән саудасын қыздырған екі жеңгетай қамауға алынды.

Мына бейнекадрларда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері түнде қаладағы қос бірдей саунада арнайы шара жүргізгенін көруге болады. Нәтижесінде жастары отыз бен отыз төрттегі қос азаматша қылмыс үстінде ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, қамауға алынған екеу саунаға келіп түсетін азаматтарға жезөкшелерді ақшаға сатумен айналысып келіпті.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Айғақты зат ретінде олардың  әрқайсысынан 48 мың теңге алынған. Олар екеуі - 1982-1986 жылы туылған Шымкент қаласының азаматшалары, тұрғындары.  Және де айғақты зат ретінде олардан миллионға жақын  теңге алынған. 1600 АҚШ доллары алынып отыр. Компьютер, бейнематериалдар алынып отыр және де осы жәйтқа байланысты ҚР ҚК 309 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.