Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада жаңа жылдық отшашу қай жерде өтеді

AstanaTV
28.12.2023ж. 14:55
712
Елордада жаңа жылдық отшашу қай жерде өтеді

Астанадағы Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов Астанада жаңа жылдық отшашу қай жерде өтетінін айтты.

Брифингте ол отшашу міндетті түрде болатынын, қазір нақты орны анықталып жатқанын айтты.

"Бас шырша EXPO-да орналасқандықтан, сол маңда болады деп жоспарлап отырмыз".
Серік Балжанов

31 желтоқсан күні Алматының Астана алаңында Жаңа жыл қарсаңында қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді, одан кейін мерекелік отшашу болады.