Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Талдықорғанда кішкентай қызды зорламақ болған 19 жастағы күдікті ұсталды

18.01.2024ж. 20:00
508
Талдықорғанда кішкентай қызды зорламақ болған 19 жастағы күдікті ұсталды

Талдықорғанда кішкентай қызды зорламақ болған 19 жастағы күдікті ұсталды. 10 жасар бүлдіршін басынан кешкенін анасына айтып берген. Сөзінше, ол Оқушылар сарайына жаяу бара жатқан. Артынан қалмай аңдып келген жас жігіт кенеттен оны күштеп, құрылыс алаңына апарыпты. Қыздан үнін шығармауын сұрап, сес көрсетіпті. Құйтырқы әрекетін жүзеге асырмақшы болғанда жаяу жүргіншілердің бірі жеткіншекті аман алып қалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Нұрболат ШАМУ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам жұмылдырылып, шағын ауданның периметрі қоршалды. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.