Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

"Кесек жеген адам бауыр, ішектің қабынуы, анемия сынды ауруға шалдығады", - дәрігер

19.01.2024ж. 20:00
958
"Кесек жеген адам бауыр, ішектің қабынуы, анемия сынды ауруға шалдығады", - дәрігер

Соңғы уақытта елімізде кесек жейтіндер көбейген. Саз балшықтың соңы ауруға шалдықтыру мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Жердегі топыраққа жұрттар неге құмар боп барады? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек зерттеді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Мұнда кесектің үш түрі бар. Сары, қызыл, көк. Мұны майдалап, көлеміне қарай бағалап та қойған. Бағалары 50, 70, 100, 150 теңге болып кете береді. Қазір мен де сатып алып дәмін көрмекпін.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Өзім қалаған кесекті алдым. Қазір дәмін көремін. Мммм кәдімгі кесек. Бірақ мамандардың айтуынша, бұның құрамында қорғасын, кадмий, мыс, мырыш болады екен. Егер көрсеткіш нормадан асса адам денсаулығына зиянын тигізеді дейді.

Кесексіз күнін елестете алмайтындардың бірі -Нұрлан Пайзов. Оның саз балшыққа құмарлығы жас кезінен басталыпты. Айтуынша, жеңгесі жеп жүргенін көріп, сұрап дәмін көріпті. Содан бері таңдап жейтін болдым дейді.

Нұрлан ПАЙЗОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сухой бірақ ауызға түскеннен кейін жағымды болды. Содан бастап күніге жеңешемнен сұрап жейтін болдым. Бір күні организм қалап тұрғаннан кейін базарға барып өзім сатып алып жейтін болдым. Кейін қарасам базарларда кесектің түрлі түстері бар екен. Тұздалған түрі бар. Тұздалмаған түрі бар. Енді басында тұздалмағаннан бастағам кейін көк түрлері шықты ғой осыны жеп бастадым. Мынадай бір көлеңкеде 100 теңгеден тұрады. Ол бір 2-3 күнге жетеді маған.

Тұрғындардың пікірін білейін деп көшеге шықтым. Кесекті көрсете қалып ем бәрі біледі. Өздері жемесе де, балалары, туыстары жейді екен. Жасырмады айтып берді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мына жақтан көрген жоқпын. Мен өзі Семейдікімін. Семейде көп жейтін. Негізі болмайды ғой жалпы. Бәрібір топырақтың аты топырақ ғой зиян ғой ол.
- Кесек ғой. Жалпы өзіңіз жегенсіз бе? Аа мен жеген емеспін. Балам жейді, қызым жеген бірақ. Витамин жетіспейтін шығар. Сол кезде жейді ғой.
- Негізі ол бірнәрсе жетіспегеннен ғой организмде деп ойлаймын. Бірақ не қызық бұда деп жеп көрпгем. Ұнамайды маған вообще.

Дәрігерлер кесек жеудің арты жақсылыққа апармайды дейді. Айтуларынша бұл бауыр, ішектің қабынуы, анемия сынды ауруға шалдықтырады. Кесекті көбіне организміне микроэлемент, темір жетіспеген адамдар жейді. Әсіресе жүкті әйелдер.

Камшат АБЛАЕВА, АКУШЕР - ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Бұны тіпті мен айтар едім бұл ауру деп. Өйткені қабылдайтын адамдар бақылауға алмайды. Ол тәуелділік ғой бір жағынан қарап тұрсаңыз. Жүкті әйелдер оның өзіңе ғана емес соның баласына да үлкен қауіп төндіреді. Өйткені ол өнделмеген күйіңде. Білмейді ол нені жеп жатқанынын.

Нақты айтқанда саз топырақ жеуге болмайды. Кесек жеймін деп кесіріне ұрынып қалмаңыз.