Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда жиһаз шығаратын кәсіпорындардың халықаралық форумы өтті

23.01.2024ж. 20:00
580
Алматыда жиһаз шығаратын кәсіпорындардың халықаралық форумы өтті

Алматыда жиһаз шығаратын кәсіпорындардың халықаралық форумы өтті. Шараға еліміздегі 250-ге жуық отандық және Ресей, Польша, Италия компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты. Онда кәсіби мамандар шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізді. Басты мақсат -ТМД елдерінің жиһаз өнеркәсібін дамытып, цифрлық және инновациялық технологияларды қолдану. Айта кетейік, іскерлік форматында өткен шараны "Алматы көпсалалы колледжі" ұйымдастырды.

Бауржан ЕНКЕНОВ, "АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ" ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы мақсаты мына жиһаз өндірісі Қазақстан бойынша қаншалықты дамыған екенін білу болашақта оқу процесі қалай болады екен колледждерде қандай өзгеріс енгізіледі екен сол сұрақтарға жауап беретін форум сияқты мақсаты.