Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Күріш бағасы шарықтап барады

Күріш бағасы шарықтап барады

Күріш бағасы шарықтап барады. Былтыр оның бір келісі 440 теңге болса, қазір-668 теңге. Өсім әжептеуір. Ақ маржанның отаны-Қызылорданың өзінде бағасы 500 теңгеден асады. Күріш өндірушілер қымбатшылықтың артында көпшілікке беймәлім мәселелер бар дейді. Ол не мәселе екенін тілшіміз білді.

Күріш өндірушілердің дені Қызылорда облысында. Дей тұрғанмен Сыр маржанының бағасы мұнда да шарықтап тұр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-10 келіні 5700ге алғанмын.
-Өзіміздің елімізде, өзіміздің облысымызда бар нәрсе, енді қымбат.

Злиха Нысанбаева 5 жылдан бері күрішті алып-сатады. Соңғы уақытта өнімнің тым қымбат бағада келіп жатқанын айтады.

Злиха НЫСАНБАЕВА, САТУШЫ:

2-3 жылдың шамасында қымбаттады. Оның алдында сұраныс болатын. Қазір қымбаттағалы күріш сұрамайды. Халық өзінің қалауымен алады. Бұрын қаптап алса, қазір 5-10 келі, шамасына қарай алады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көтерме сату нарығына талдау жасаған. Нәтижесінде меншікті өндіріс төмендеп, импорт үлесі ұлғайғанын анықтады. .

Нұржан САДЫРБАЙ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бір жыл ішінде баға өсу динамикасының төмендеуін қамтамасыз етті агенттік. Баға бойынша, сөз байласу негізінде 6 күріш өндіруші 68,7 млн теңгеге айыппұл түрінде жазаға тартылды, әкімшілік жауапкершілікке.

Ал күріш өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығы салада ішкі мәселелер көп екенін айтады. 2022 жылдан бері күрішшілерге берілетін субсидияның бірнеше түрі тоқтаған. Ал биыл егістікке берілетін су бағасы қымбаттамақ.

Айгүл ҚОСМҰРАТОВА, КҮРІШ ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ӨҢДЕУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Дизтопливоны арзандатылған бағамен береді. Иә, нарықпен салыстырғанда ол арзандатылған баға. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда ол баға жоғары. Сонымен қатар, бізде техникаларға бұрын утельзбор төленбейтін. Қазір төленеді. Биыл алқапта көк те, күріш те ауырды. Лидер күріші де ауырды. Сол себепті де егін дұрыс болмады.

Жыл сайын аймақта егіс алқабы қысқарып жатыр. Алайда ол бағаға әсер етпеуі тиіс дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері. Себебі жиналатын күріш көлемі ішті нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттауға да жетеді деп отыр.

Айхан СҰЛТАН, ҚР АШМ ЕГІНШІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күріш бағасының не себепті қымбаттап жатқандығына қатысты құзырлы орындар жауап беру керек. +Мемлекет тыңайтқыш және тұқым алуға, субсидия бөлуге өз деңгейінде қолдау көрсетіп отыр.

Су тапшылығы әлемдік мәселеге айналды. Сондықтан биыл да күріш алқаптарын қысқартпақ. Бірақ жауаптылар өнімділікті арттыруға жұмыс істейміз дейді. Сондықтан күріш бағасының бұдан әрі қымбаттамайтынына сенімді. Ал өндірушілер бұл сауалды ашық күйінде қалдырып отыр.