Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде бір айда такси бағасы 275 теңгеге қымбаттады

24.01.2024ж. 20:00
481
Елімізде бір айда такси бағасы 275 теңгеге қымбаттады

Елімізде бір айда такси бағасы 275 теңгеге қымбаттады. Тіпті ТМД елдері арасында көш бастап тұрмыз. Қарыс қадамның өзі қалтаңды қағады. Теңгесіне келіспесең діттеген жеріңе жеткізбейді. Асыққанда көпшілігі ақшаны ойламайды. Сұрағанын береді. Ал мүлде қалтаңда қаржы болмаса ше? Әріптесім Дәрібек Бахытбек таксистерге өтініш айтты.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Такси бағасы әсіресе Астанада ауа райына байланысты құбылады. Қар жауып, боран болса бірден екі есеге өседі. Жайма шуақ күндердің өзінде бір қадам жерге кемі 500 теңгеге апарады. Қазір асығыс адамның кейпін танытып, тегін апарып тастауға өтініш айтып көрейін.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Тегін дегесін көпшілігі тіксініп қарады. Мін деп мейірім таныта қоймады. Алған бетімнен қайтпадым. Мүмкін жомарт жандар жолығып қалар.

Қол көтерген көліктің бәрі болмаса да тең жартысынан астамы тоқтады. Жағдайыма түсіністік танытқандары да аз болмады.

Көлікке отыра сала жүргізушіні әңгімеге тарттым. Есімі Альберт екен. 6 жылдан бері жолаушы тасымалдайды. Күніне 10-15 мың теңге табамын дейді.

Альберт БАЖИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Часпиктін кезінде ғой азанда ерте. Сағат 7 тен басталады 10 ға дейін.
Бағалары қалай болып жатыр негізі қымбат па?
Негізі особа көбіне қымбат болады, арзан болады. әртүрлі. Если попросить етіп тұрса апарып тастауға болады негізі. Адамгершілік болу керек ғой негізі.

Таксидің бәрі тегін апармайды. Өйткені, олар да күнкөріс үшін жүр. Бірақ бағасының өскенін жолаушылар жасырмайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Байқалады. Например бұрында 1500 болса, қазір 3 мың, 4 мың сондай. Но смотрия растоянияға.
- Такси бағасы байқалады. Қазір көбіне тек қана автобуспен жүреміз. Мысалы сабақтарымыз алыс жақта болса, кешігіп жатсақ 2500, 3000 ға барамыз.

ТАКСИ БАҒАСЫ

Алматыда таксидің бағасы бір жылда 30,3% қымбаттаған. Одан кейін Ақтөбе мен Абай облыстары тұр. Ал, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға өзгермеген.