Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанда зиянды тағамдарға қосымша салық салу ұсынылды

25.01.2024ж. 20:00
478
Қазақстанда зиянды тағамдарға қосымша салық салу ұсынылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам өліміне әкелетін факторлардың 60 проценті сапасы нашар, қауіпті қоспалармен әзірленген тамақтардың кесірінен болады. Қазақстандағы өлім-жітімнің 90 процентке жуығы сондай жұқпалы емес ауруларға байланысты екен. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай денсаулыққа зиян «қоқыс» тағамдарға қосымша салық салуды ұсынды. Айтуынша, олардың жарнамасын көбейту жамандыққа азғырумен тең.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Соңғы кезде Қазақстан нарығында шығу тегі белгісіз зиянды тағамдар қаптап кетті. Алыс-жақын елдерден «қоқыс» тауарлар арбалап та, дорбалап та тасылып жатыр. Ең қорқыныштысы, «қоқыс» тағамдардың көбін көшелер мен жертөлелерде жасайды. Қытайдың өзінде бұл өнімнің зиянды екені дәлелденіп, сайттарында «қоқыс тағамдары» деп көрсетілген. Қытай билігі мұндай залалды тағам өндірушілермен күресіп жатса да «қоқыс» тағамдар алыс-жақын шетелдің қорғалмаған нарығын жаулап жатыр.