Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алты адамды атып өлтірді

AstanaTV
31.01.2024ж. 09:04
953
Алты адамды атып өлтірді

Калифорнияның оңтүстігіндегі Мохаве шөлінен бірнеше адамның денесі табылғаннан кейін полиция бес адамды қамауға алды, деп хабарлайды KAZINFORM BBC-ге сілтеме жасап.

Мәйіттер 23 қаңтарда Сан-Бернардино округінен табылған.

Полиция жергілікті уақытпен 20:15 кезінде зардап шеккендер мен оқ тиген жол талғамайтын көлік пен микроавтобусты тапты.

Полицияның хабарлауынша, алты адам да оқ жарақатынан қаза тапқан.

Сан-Бернардино тергеушілері атыс заңсыз марихуана өндірісіне қатысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

— Біз жанжалдың марихуанадан шыққанына сенімдіміз, — деді сержант Уоррик.

Тергеушілер жәбірленушілердің марихуана саудасы үшін сол жерде кездесуге келіскенін анықтады.

Қамауға алынған бес адам оқиға орнына келіп, әлгі алты адамды атып өлтірген.

2016 жылдан бері Калифорния ересектерге марихуана сатып алуға және тұтынуға рұқсат берген болатын.