Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

«Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын»: Тоқтар Серіков өнерге аяқ басқан кезін еске алды

AstanaTV
06.02.2024ж. 12:28
726
«Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын»: Тоқтар Серіков өнерге аяқ басқан кезін еске алды

Танымал әнші Тоқтар Серіков алғаш рет бет ашқан сәтін еске алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі «ХабарLike» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі бозбала шағында тойларда бет ашып, нәпақа тапқан көрінеді.

“Елге танымал адамдардың ішінде Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын. Мен көп беташар аштым. Біз Мейрамбек екеуміз қосылып, дуэт болып та аштық. Беташар – нан табудың ең жақсы жолы еді ғой. Ол кезде той иелері беташардың ақшасын алып алмайтын. Бірде орыстілді жанұяның беташар тойына бардым. 12 адамның тізімін берді. Мен шыр-пыр болдым, аз ақша түсетін болды деп. Бірақ той соңында өте көп доллармен уыстап ақша ұстатты. Ол кезде студентпін. Бір бума ақшаны қайда жаратамын деп ойланып келгенім бар «, – деп күлді әнші.

Сонымен қатар, әнші елге танытқан “Көршінің қызы” әнінің шығу тарихын да айтып берді.

“Көршінің қызы” – дуэтке жатпайды, негізі менің жеке орындауымдағы ән. Бұл әннің оқиғасы қызық. Ол әнді мен орындамауым керек болған. Автор Бекжан Әшірбеков: ”Тоқтар осы әнді орындашы” деп ең алғаш маған алып келген кезде ән ұнамады. Содан Ұлықпан маған “сен әннің дауысын жаз, әншілерге көрсетейік, біреу айтатын шығар” деді. Мен келістім. Содан мен студияның ішінде айтып жатқан кезде Бейбіт кіріп келді де, “ла-ла-ла” деп қосылды. Мен оны “кел, екеуміз бірге айтайықшы” деп шақырып алдым. Осылай аяқ асты болған дүние. Ертеңгісін таң атпай Ұлықпан аға қайтадан телефон соғып, “студияға, тез кел” деді. Бірдеңе болған екен деп, студияға жүгіріп келдім. “Мына әнді сен айтпасаң болмайды” деді. Тыңдасам, әнді өңдеген кезде әдемі болып шығыпты. Содан айтсам, айтайыншы деп, бірден Бекжанға хабарластық, сол күні радиоға бердік. Ертеңгісі сол ән хит болды. Бейбіт “көршінің қызы” аталып кетті. Бірде Шымкенттен қайтып келе жатқанда жолдан тамақ ішейін деп тоқтадық. Кішкентай балалар мені танып қалып, Бейбітті нұсқап, “Көршінің қызы отыр қасында» дейді, – деп еске алды Тоқтар Серіков.