Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Қарағандыда көлік қағып кеткен 12 жастағы оқушы қаза тапты

06.02.2024ж. 20:00
405
Қарағандыда көлік қағып кеткен 12 жастағы оқушы қаза тапты

Қарағандыда көлік қағып кеткен 12 жастағы оқушы қаза тапты. Соққының қатты болғаны сонша баланы дәрігерлер құтқара алмаған. Оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында болды. Оқушы таңғы 8 ге қарай мектепке бара жатқан. Тиісті жерден өте бере баланы Тойота автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, тоқтай алмастан басып кеткен. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады. Жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амадары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды.

Дәл осы Аманжолов көшесіндегі реттелмейтін жүргінші жолында жол- көлік оқиғасы жиі болады. Жуырда тағы екі адам қаза тапқан. Бұл маңайда мектеп және балабақша бар. Тұрғындардың айтуынша, бағдаршам болмаған соң жүргізушілер жаяу адамдарға жол бергісі келмейді. Тіпті реттелмейтін жүргінші жолын байқамайды. Жұрт құзыретті орындардан бағдаршам қоюды сұрайды.

Гүлзипа МАНАПҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Жан- жағына қарап байқап жүрсе кішкене. Адам өміріне қауіпті дегенді бірінші естеріне сақтаса.Камаздар, жүреді, үлкен машиналар жүреді. Бала келе жатыр, үлкен келе жатыр қарамайды. Өте қатты жылдамдықпен жүреді солай».