Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Мессидің кесірінен Аргентина құрамасының ойыны өтпейтін болды

AstanaTV
10.02.2024ж. 12:23
537
Мессидің кесірінен Аргентина құрамасының ойыны өтпейтін болды

Аргентина мен Нигерия құрамалары арасындағы жолдастық матч өтпейтін болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу наурыз айында Қытайда өтуі тиіс еді.

Белгілі себептерге байланысты құзырлы органдар аргентиналық құраманың ойынға қатысуына ешқандай жағдай жасалмаған деген қорытындыға келді. Іс-шарадан бас тарту туралы шешім қабылданды, - делінген Ханчшоу ұйымдастыру комитеті.

Осы арқылы ұйымдастырушылар «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессидің Гонконгтағы ойында алаңға шықпауын нұсқап тұр. Футболшы жарақатына байланысты ойнай алмайды делінген. Алайда бірнеше күннен соң ол «Интер Майами» сапында Жапонияның «Виссел Кобе» клубына қарсы ойнады. Бұл қытайлық жанкүйерлердің ашуын туғызды.

Месси американдық клубта 2023 жылғы жаздан бері өнер көрсетеді. Оның қолданыстағы келісімшарты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған.