Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Премьер-лига клубтары тарихта алғаш рет 100 миллион теңгеге таласады

AstanaTV
13.02.2024ж. 15:57
886
Премьер-лига клубтары тарихта алғаш рет 100 миллион теңгеге таласады

Футболдан жаңа маусымның алдында ел футболы тарихындағы бірінші мәрте ұйымдастырылып жатқан «1ХВЕТ Winter Cup» турнирінде 100 миллион теңге сарапқа салынбақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Турнир 17-21 ақпан күндері Белек (Түркия) қаласында өтеді. Жарысқа «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе», және «Елімай» клубтары қатысады. Доп додасының жеңімпазы 60 млн теңгеге ие болса, екінші орын алған клуб 40 млн теңге сыйақы алады.

Жеребе нәтижесі бойынша «1ХВЕТ Winter Cup» турнирінің ашылу ойынында Бірінші лиганың чемпионы «Елімай» мен Премьер-лига жеңімпазы «Ордабасы» өзара доп тепсе, екінші кездесуде Қазақстан кубогының чемпионы «Тобыл» мен ел чемпионатының қола жүлдегері «Ақтөбе» жолығады . Қос жұптың жеңімпаздары финалда ойнаса, жеңілгендері қола жүлдені сарапқа салады.

Ойындар «Титаник Делюкс» стадионында өтеді. Бұған дейін бұл жасыл алаңда Бундеслига күндері аясында неміс клубтары жолыққан.

Маусым басталмай тұрып, осындай турнирлерді өткізу Еуропаның жетекші лигаларында қалыпты үрдіске айналған. Демеушілеріміз «1ХВЕТ» букмекерлік компаниясының көмегі арқасында біздің де коммерциялық турниріміз пайда болды. Жүлде қоры ел кубогымен пара-пар. Сондықтан қатысушыларға жақсы мотивация болатындығы сөзсіз. Оқу-жаттығу жиыны барысында футболшылардың шеберліктері өсіп, жанкүйерлердің қызығушылықтары артқанын байқап жатырмыз. Біздің мақсат - Қазақстан Премьер-лигасын коммерцияландыру үшін демеушілерді тарту. Лиганың серіктестерімен бірлескен жұмыс елдегі футболдың дамуына оң әсер тигізетіне сенімдіміз, - дейді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян.

Жартылай финалдық ойындар 17 ақпан күні 15:00 және 20:00-де өтеді.

3-орын үшін кездесу 21 ақпан күні 15:00-ге, ал финалдық ойын сол күні 20:00-ге жоспарланған.

Ойын уақыттары Астана уақытымен көрсетілген. Доп додасын отандық «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.