Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Димаш Құдайберген кезекті концерті қайда өтетінін хабарлады

AstanaTV
14.02.2024ж. 11:21
712
Димаш Құдайберген кезекті концерті қайда өтетінін хабарлады

Танымал әнші Димаш Құдайберген кезекті концертін қайда өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Құрметті достар! Биыл 24 мамырда «Stranger» сапарының аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында менің жеке концертім өтеді. Мен шығармашылықты жаны сүйетін, мейірімді жандармен бірге ән саламыз деген ойдамын, - деп жазба жариялады.

Айта кетейік, әнші 2024 жылғы 30 қаңтарда халық әртісі Димаш Құдайберген әлемнің түкпір-түкпірінен қолдау көрсететін жанкүйерлеріне алғысын жеткізген еді.