Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызыңыздың қалың малы қанша?

16.02.2024ж. 20:00
702
Қызыңыздың қалың малы қанша?

Қоғамда "қалың мал" салты туралы әртүрлі пікір бар. Бірі оны қолдаса, бірі -"қызды саудалау" деп түсінеді. Ал әлеуметтік желіде өздерінің құнын еш қымсынбай айтатын қыздар пайда болды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы қалың мал деген не екенін жұрт біле ме? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек тұрғындармен тілдесті.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Алло, анашым, сүйінші мен үйленемін.
Иә осы апта таныстырамын. Бірақ қалың малға 2 млн сұрап тұр.
Ақшам жетпей тұр. Не істесем болады? Жарайды, бір мәнісі болар.

Қалың мал-ежелден келе жатқан дәстүр. Яғни, қалыңдық малы. Ол тұрмысқа шыққан жас қыздың туыстарына берілетін сый. Бұрын оның құны малмен белгіленсе, қазір ақшалай беріледі. Еліміздің әр өңірінде қалың мал әр түрлі бағаланады. 500 мың теңгеден басталып, млннан асып жығылады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Тұрмысқа шығатын кезде жігіт отбасы қызға береді ақша.
Жалпы сіздер қай жақтансыздар?
Оңтүстіктен.
Қалың мал қанша енді шамамен?
1 млннан асады. Иә
- Қызды бергенде қалың малың береді.
Құда-құдағи келіседі бір-бірімен. 500, млн, 2 млн. Қалтасыңа қарай.
- Жігіт үйленген кезде қалың мал сыйлайды. Бімеймін әр жерде әртүрлі.

Қалың малды бірі білсе, бірі білмейді. Мәселен кейбір өңірдің аруларын қалың мал төлемей-ақ, шаңырағыңызға келін қылып түсіре аласыз.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қалың мал деген не білесіңдер ма жігіттер? Жоқ білмейміз.
- Қыз ұзатылғанда сол кезде беріледі. Ата-анасы дайындап қояды.
Кімнің ата-анасы?
Қыз жақтын.
Қыз жақ жігітке береді ма қалың мал?
Иә.
- Қалың мал деген не, білесіз бе? Білмеймін.
Сіздер жақта жоқ па?
Жоқ ондай.
- Түсіңбедім чо та. Мен естігем жоқ әлі.
- Қалың мал бар, береді.
- Семей жақта сұрамайды қалың мал. Ол оңтүстік, батыс жақта ғой қалың мал деген. Бізде жоқ ондай.

Ал, этногрофтар қалың мал бергенді құптайды. Айтуынша, бұл жастардың аяқтанып кетуіне сеп болады. Сонымен қатар ата -дәстүріміз дәріптеліп, сақталғаны да дұрыс дейді.

Досымбек ҚАТРАНҰЛЫ, ЭТНОГРАФ:

Қалыңдық малы - некенің берік болуы үшін төленетін ақы. Енді бұл жерде бір әңгіме бар. Осы біз қалың малды жоғалтқаннан кейін бізде қыздар арзан сияқты көрініп кетті. Ал біздің қыздарымыз қаншама шетке кетіп жатыр иә. Жана арабқа кетеді, Африкалықтарға дейін барып жатыр т.б. Яғни елімізде сол өз дәстүрімізді жэоғалтып алғанбыз. Яғни қызымыздың құны жоқ деген сөз. Бұны жолға қою керек.

Әрине тұрмыс-тіршіліктің өзгеруімен кейбір салт-дәстүріміз ұмытылып кеткені рас. Бірақ қалың малды жоққа шығара алмаймыз дейді мамандар.