Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Ақпаратқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады

21.02.2024ж. 20:00
250
Ақпаратқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады

Енді ақпаратқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады. Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу саласына мемлекеттік бақылау енгізіледі. Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі профилактикалық бақылау нысанында бақылау субъектісіне бармай және жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекеттік органдардың тыныс-тіршілігі, олардың қабылдап жатқан шешімдері сонымен бірге олардың бағыт-бағдарларын халық біліп, түсініп отыру керек. Сондықтан ол үшін ақпаратқа қол жетімділік болу керек. Мемлекеттік органдардың сайттары, мемлекеттік органдардың кері байланыс механизмдерінің барлығы жұмыс істеп тұру керек. Бұл заңның негізгі мәні осында.