Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Алматыда тұрғын үй маңындағы сарайдан өрт шығып, екі адам қаза тапты

21.02.2024ж. 20:00
296
Алматыда тұрғын үй маңындағы сарайдан өрт шығып, екі адам қаза тапты

Алматыда жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша сарайда өрт шықты. Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде екі адамның мәйіті табылды. Түн ортасында болған оқыс жағдай жайлы төтеншеліктерге хабар кеш жеткен. Құтқарушылар жеті минутта жеткенімен, баспананың сау тамтығы қалмапты. Абырой болғанда, жақын маңдағы жеке тұрғын үйге от тимеген. Алдын ала ақпарат бойынша бұған дейін уақытша сарай жалға берілген.

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Уақытша салынған ғимараттың төбесі опырылып, құлап түскен болатын. Оқиға орнында қаланың барлық өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды. Өрт фактісі бойынша материалдар іс жүргізу шешімін одан әрі қабылдау үшін Медеу ауданы полиция басқармасының бөліміне берілді.