Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Павлодар облысында өрттен бес адам көз жұмды

AstanaTV
22.02.2024ж. 18:01
416
Павлодар облысында өрттен бес адам көз жұмды

Павлодар облысында жылыту маусымы басталғалы 60 өрт болып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Тағы жетеуі уланып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Берік Омаровтың мәліметінше, тілсіз жаудан келген шығын 10 млн теңгеге жетті.

Бірінші кезекте жекеменшік үй иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, оқыс оқиғалардың басым бөлігі осы пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан болып жатады. Сараптама көрсеткендей, жылыту құралын салудағы олқылықтарда баспана құрылысы барысында жол беріліп, талаптар орындалмайды. Осы күнге дейін мамандар 111 мыңнан жер үйді тексерген. Нәтижесінде 11 мыңнан астам баспанада пеш жағу барысында өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылғаны белгілі болды, - дейді Берік Омаров.

Төтенше жағдай қызметкерлері әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп келеді. Өткен жылдың маусымынан бері 233 улы газ датчигі тегін орнатылған.

Айта кетейік, азаматтық қорғаныс мамандары үстіміздегі жылдың жартыжылдығында бизнес субъектілерін тексере бастайды. Соңғы жылы өңірдегі сауда нүктелерінде 20 өрт дерегі тіркелген. Салдарынан 8 млн теңгенің материалдық шығыны келді.

Биыл сауда орындарын тексеру бойынша мораторий аяқталды. Осыған баланыты жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын дүкен, орталықтарды есепке алдық. Министрліктің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта ірі сауда орталықтарында алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз, - дейді Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбарасыр Тілекжан Галямов.

Облыс бойынша өрт қауіпсіздігін бақылау бойынша он мыңнан астам нысан тіркеуде болса, олардың 5%-ын тексеруге жатады.