Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Қарағандыда су құбырларында апат жиілеп кетті

22.02.2024ж. 20:00
334
Қарағандыда су құбырларында апат жиілеп кетті

Қарағандыда су құбырларында апат жиілеп кетті. Қала тұрғындары екі күннің бірінде сусыз қалатындарын айтып, жиі шағымданатын болған. Тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз ететін «ҚарағандыСу» мекемесі ескірген су жүйесін жөндеп үлгермей жатырмыз,- дейді. Шаһардағы құбырлар жүйесінің 61 % - ескі. Ал жергілікті әкімдік бұл салаға млрд- тап қаржы бөлінгенін айтып есеп берген. Ендеше ол ақша қайда кетуі мүмкін? Айжан Қуаш тарқатады.

Су құбырларында апат биыл қыста тіпті жиілеп кетті. Осы айдың өзінде бірнеше көп қабаты үй мен жеке сектор тұрғындары он шақты рет сусыз қалды. Әсіресе Сұрыптау, Михайловка, Майқұдық ықшам аудандарында су жиі өшеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Тұрғындар жалоб жасады, ыстық су, отопление болмай қалды. Құбырлар ескірген шығар, ескісі ескі ғой көрініп тұр ғой. Енді ақша бөлу керек қой. Бірақ оны бөлгенмен бәрібір жеп қояды ғой.
- Не істеу керектігін білмеймін, суды үнемі өшіріп тастайды. 30 жыл ештеңе істелмеді, біз уақытымен төлеп отырмыз ғой, төлемесек дереу ағытып тастар еді, ақша алады ал қызмет сапасы өте нашар.

Тұтынушыларды ауыз сумен қаматамасыз ететін «ҚарағандыСу» мекемесінің мәліметінше, құбырлар жүйесі 61 %- ға тозған. 1958 жылдан бері қызмет етіп келеді. Жыл сайын оның 2%- ғана ауыстырады. Одан артық айырбастауға қаржы жетпейді,- дейді. Оның үстіне қатты аязда жердің тоңы 1 жарым метрге жетіп әрі сынғыш, әрі онсыз да ескі шойындарды істен шығарған.

Ербол ТӨЛЕУОВ, «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

«Тарифты да көтеру керек жаңағы адамдардың көзқарасын менталитетін өзгерту үшін, сосын мемлекет тарапынан біздің құрылыс комитетінің тарапынан қаражат бөліну керек. Сол кезде екі жақтап бөлінгенде біз 2- ақ пайыз емес, 5-6 пайызға дейін көтереміз ».

Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми мәліметіне сүйенсек, су құбырларына былтыр 10 миллиард теңгедей қаржы бөлінген, ал биыл 4 миллиард теңге жоспарланған. Алайда тұтынушыларға пайдасы шамалы. «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі осы салада біраз былықтың бетін ашты. Мәселен, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу барысында су құбырының жеке меншік жерге тартылғаны анықталды. Бұл жемқорлық тәуекелдерінің барын көрсетеді дейді.

Рустам ТАНИШПЕКОВ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Жеке өзіміз мемлекеттік сатып алуды қарағанда жеке меншік жерде 500 млн- нан астам осы су құбырын салу фактісін анықтадық. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы енді құбырлар салынғаннан кейін осы құбырларды мемлекеттің еншісіне алу процедурасы жүргізіліп жатыр. Арнайы орталықтандырылған қызмет құру қажет. Көрдіңіз бе, әкімдіктер мысалы сатып алады ол жерде техникалық мамандар жетіспейді, білімі төмен мамандар бар.Ал егер де арнайы орталықтандырылған қызмет болса ол жерде нақты қадамдар болады».

Қалалық әкімдікке сауал жолдаған болатынбыз. Алайда «ҚарағандыСу» мекемесіне сілтеп тиісті маманмен сұқбастастырудан бас тартты. Айта кетейік, су жүйесі қалада ғана емес облыста да мәз емес. Бүгінде аймақтың 117 елдімекенінде орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Оның ішінде 5- еуі суды көрші ауылдардан тасып ішеді. Тіпті Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының өзінде су тартылмаған көшелер бар.