Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атырауда соңғы бес жылда психикалық ауытқуы бар науқастар күрт көбейіп кеткен

05.03.2024ж. 20:00
328
Атырауда соңғы бес жылда психикалық ауытқуы бар науқастар күрт көбейіп кеткен

Атырауда соңғы бес жылда 18 жастан асқан психикалық ауытқуы бар науқастар күрт көбейіп кеткен. Тіпті аймақтағы арнаулы қызмет көрсету орталығына сыймай жатыр. Мамандардың айтуынша, кезегін күтіп жүріп, дүниеден өтіп кетіп жатқандар да бар. 

Махамбет ауданының Сарайшық ауылында орналасқан 310 орындық 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы науқасқа лық толы. Мұнан бөлек өңірде тағы 150 науқас кезек күтіп тұр. Олардың бәрі -18 жастан асқандар. Әсіресе, қарт ата-аналар ересек ұлдарын бағу қиын екенін айтып, жиі шағымданады,- дейді мамандар.

Азамат МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

80-нен асқан әжеміз келді. Қолында 45-тен асқан баласы бар психоневрологиялықм аурумен ауратын. Өте қиын жағдай. Себебі әр кезде ұру фактілері те тіркеліп жатады екен мамасын. Аурудың қозуы мықты болар.

Психикалық ауруға шалдыққан адам санының көбеюінің бірінші себебі – ұят. Қоғамның, жақындарының табасынан қорыққан науқас емделудің орнына, оны жасырып әлек болады. Сөйтіп, қалай асқынғанын да білмей қалады.

Сағат АЛТЫНБЕКОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТАС БАС ПСИХИАТРЫ:

Көршілер, туыстар қалай қарайды, мектепте балалар қарайды, мұғалімдер қалай қарайды. Өзімізді алсақ , әріптестеріміз қалай қарайды деп ұяламыз. Дәрігерлерге бармаймыз. Бірінші молдаларға барады, емшілерге барады. Содан кейін ғана ауру күрделеніп, 2-3 стадияға барғанда дәрігерлерге барады.

Мамандар аймаққа тағы бір арнаулы әлеуметтік орталық керектігін айтып, 5 жыл бұрын дабыл қаққан. Жылыой ауданынан ғимарат белгіленіп, қайта жаңғырту жоспарланды. Алайда 4 жыл бойы мемлекеттік сараптамадан өтпей, құрылыс тек 2022 жылы басталды. 156 орындық ғимарат тағы бір мәселе туындамаса, сәуірде пайлалануға берілуі тиіс.

Азамат МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Былтыр беруіміз керек еді. Тапсырыс берші құрылыс басқармасы мен мердігер компания арасында құрылыс жұмыстарының себептерімен тұрып қалған болар енді. Соған байланысты биылға шегеріп отыр. Құрылыс жұмыстары аячқталды. Алыс беріс актісі жүріп жатыр. Тезірек бітіріп қабылдап алсақ, бір мезетте сол азаматтарымызды сонда орналастыратын боламыз.

Орталықта медициналық, психиологиялық, оңалту жұмыстарымен бірге , еңбек терапиясы қатар жүреді. Науқастар мамандардың көмегімен құс, жануарлар шаруашылығымен, өзге де жұмыстармен айналысады.