Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан азамат сотталды

AstanaTV
06.03.2024ж. 08:40
281
Павлодарда мысыққа сірке қышқылын шашқан азамат сотталды

2024 жылы 5 наурызда Павлодар қаласының № 2 сотында мертігуге әкеліп соқтырған жануарhға қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2023 жылдың 23 қарашасында азамат К. интернеттен егер мысыққа сірке қышқылын шашсаңыз, сол орынды оның аяғы екінші рет баспайтынын оқиды. Осыдан кейін ол өз үйінің подъезіндегі үйсіз-күйсіз мысыққа қасақана сірке қышқылын шашқан. Салдарынан мысық мертіккен. 

Сотта сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және ветеринарлық дәрігерлердің қорытындысымен дәлелденді.